"Артық ештеңе көрінбейді": Дариға Бадықова өз киімін сынға алғандарға жауап берді

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Фото: Instagram/dariga_badykova

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде киімін сынға алған жандарға жауап берді. Оқырмандарға өнер иесінің ерекше шалбары ұнамай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова өзінің киім үлгісін сынағандарға Instagram парақшасы арқылы үндеу жолдады. Ол образын ерсі санамайтынын алға тартты.

"Мына султанкамды жұрт "Не киіп алғансың?" деген екен. Әдемі, өзгеше. Бұл да стиль. Несі жаман, жабысып тұрмайды. Артық ештеңе көрінбейді. Кей қыздар жабыстырып қазақи қойдың құйрығындай іркілдетіп киіп алады. Одан қала бере жабыстырып көйлек киеді, алмаға түсетін құрт сияқты. Одан қала берді қуықтары құмғандай болып тұрады. Қысқасы, жарасатын киім киген дұрыс", - деп жазы актриса.

Дариға Бадықованың Stories-i
Скриншот: Instagram/dariga_badykova

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше образымен ел назарын өзіне аударған болатын. Желідегілер өнер иесін қызу талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987695-artyq-estene-korinbeidi-dariga-badyqova-oz-kiimin-synga-algandarga-zauap-berdi/