Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айнып қалды деп ойладым": Жәния Джуринская күйеуінің ұсыныс жасаған сәті туралы айтты

Опубликовано:

Жәния Джуринская мен оның сүйіктісі
Фото: Instagram/djurinskaya

Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринская өміріндегі аса бақытты күндері туралы айтып, күйеуі өзіне сөз салған сәтін есіне алды. Өнер иесі сүйіктісінен бұл қадамды асыға күткенін жасырмады. Ол тіпті ғашығы ұсыныс жасаудан айнып қалды деген ой түйген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская Instagram парақшасында сүйіктісімен кездесіп жүрген кезде Түркияға саяхаттауға барғанын айтты. Актриса сол сапарда Хизметовтен маңызды қадамды күткенін жеткізді. Алайда ол ұсыныс жасауға асықпағандықтан, өнер иесі тіпті онымен айырылысуды ойлаған.

Алайда өнер иесінің ғашығы демалыстың соңғы күндері күтпеген жерден оған сөз салады. Джуринская өміріндегі бақытты күндердің бірін есіне алып, өз әсерін бөлісті.

"Стамбұлда ұсыныс жасауы мүмкін деген ой бір рет келді. Өйткені бұл қаланы қаншалықты жақсы көретінімді ол жақсы білетін. Оның үстіне, тәтті кезеңде жүр едік. Бірақ олай болмады. Күндер өтіп жатты, біз қыдырып жүрдік. Ал ол сол күйі ұсыныс жасамады. Ол айнып қалды деп ойладым. Өзім ойлап, өзім ренжіп қалдым. Енді "ертең жасамаса, бітті" дедім.

Ойша онымен қоштасып, Стамбұлда қалған екі күнді өткізіп алайын, үйге барған соң бұл сұрақты шешемін деп ойладым. Алайда ақыры кемеде маған тосынсый жасады. Күтпегендіктен қатты эмоцияға берілдім. Көзімнен жас төгілді. Бұл тым әсерлі, романтикалық әрі толқитын сәт болды. Мен бақыттан бұлай ешқашан жылаған емеспін. Тіпті, ауа жетпей кетті", - деді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987709-ainyp-qaldy-dep-oiladym-zaniya-dzuurinskaya-kuieuinin-usynys-zasagan-sati-turaly-aitty/

pixel