Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешнәрсеге қарамай, әнімізді шырқауға келдік": Мадина Сәдуақасова Мәскеуге сапары жайлы айтты

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова бүгінде Мәскеуге қаласында жүр. Ол қазақ эстрадасының аңыз әртісі Роза Бағланованың құрметіне орайластырылған концертке атсалысуға келген. Өнер иесі Ресейге сапары бұл жолы ерекше болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова әлемде болып жатқан жағдайларға қарамастан Ресейге ән шырқауға келгенін жеткізді. Ол өнер саясатқа бағынбайды деген ұстанымда екенін айтты.

"Мәскеу. Қызыл алаң. Қалай болса да, бұл күн тарих. Роза Бағланова апамыз кезінде қандай жағдай болса да, әнін тоқтатпаған! Өйткені, ән, музыка, өнер саясатқа бағынбайды. Біз де солай ешнәрсеге қарамай, әнімізді шырқауға келдік. Әдеттегідей Қызыл алаңға келіп, Ленин атамызға кіріп шықтық. Суретке түстік. Ештеңе өзгермеді, бірақ, баяғыдай емес", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың туған күнінде өзіне қымбат сыйлық жасағанын жазған болатынбыз. Өнер иесі Алматыдан пәтер сатып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987877-esnarsege-qaramai-animizdi-syrqauga-keldik-madina-saduaqasova-maskeuge-sapary-zaily-aitty/

pixel