Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Бақаева алғаш рет төртінші ұлын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Қазақстандық танымал әнші Салтанат Бақаева желіде сәбиімен түскен суретін жариялап, алғаш рет көпшілікке төртінші ұлын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева перзентімен түскен фотосын Instagram парақшасында бөліскен. Осы жылдың ақпан айында төртінші ұлын дүниеге әкелген әнші сәбиін халыққа енді көрсетуді шешкен.

"Құрметті оқырман таныс болыңыздар біздің Абдумалік Әрсен Нұржан ұлы. Сіздердің лүпілдеріңізді күтуде", - деп жазды ол суреттің астына.

Желі қолданушылары анасы мен баласына сүйсіне қарап, оған жылы лебізін жаудырды. Оқырмандардың басым көпшілік сәбидің әкесіне тартқанын жазуда.

"Танысқанымызға қуаныштымыз. Тәтті балақай", "Әкесінен айнымайды екен", "Әкесінің көшірмесі ғой тура", "Қандай сүйкімді балапан. Көз тимесін", "Үлкен азамат болсын", "Өмір жолы ашық болсын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987897-saltanat-baqaeva-algas-ret-tortinsi-ulyn-korsetti-foto/

pixel