Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдіжаппар Әлқожа анасын туған күнімен құттықтап, ерекше тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа
Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Қазақстандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа анасын жаңа жасымен құттықтап, оған ерекше тосынсый жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі анасын қуантқан сәтін Instagram парақшасында бөліскен. Ол ерекше отбасылық кештен видео жариялап, анасын қалай құттықтағанын көрсетті.

Бейнежазбада әншінің тосыннан келіп, анасына үлкен гүл шоғын тарту еткенін көруге болады.

Оған қоса Әбдіжаппар Әлқожа оқырмандарына ата-анасының махаббат хикаясын да айтып берді. Сөзінше, әкесі анасын дәл туған күнінде алып қашқан.

"Бүгін арнайы Алматыдан шешемнің туған күніне тосыннан қуантып келдім. Анашым ғұмырыңыздың ұзақ болуын тілеймін. Әкем жігіт шағында анама "туған күніңде алып қашамын" деп айтқан екен. Содан уәдесінде тұрып 1 қыркүйек алып қашты. Алып қашып келе жатқанда көлігі бұзылып тұрса, нағашым Темірхан көлікпен келе жатыр екен. Анамның ағасы ғой енді. Сонда анамның бетін көрпемен жауып қойған. "Көмек керекпа?" деген нағашыма "жоқ рахмет, кете беріңіз" деп құтылыпты.

Содан әкем де қуанып келін түсіріп, анам да үндемей әппақ келіншек болған екен. Ал сол жерде анам ағасына айтып, әкем ашуына іліксе біз болмас едік па қалай? Алланың бұйыртқаны, берген бағының бастамасы солай болған екен. Отау құрған күндеріңіз, туған күндеріңіз құтты болсын жанымның паналары. Анашым менің ғұмырыңыздың ғаламатын көріп, мәңгі бақытты күн кешіңіз", - деп ақ тілегін жолдады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987913-abdizappar-alqoza-anasyn-tugan-kunimen-quttyqtap-erekse-tosynsyi-zasady-video/

pixel