Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Иығыма жаба салды": Әлішер Кәрімов Гүлнұр Оразымбетоваға қымбат киімін сыйға тартты (фото)

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова
Гүлнұр Оразымбетова. Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova/

Қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов өнердегі әріптесі Гүлнұр Оразымбетоваға ерекше сый тарту етіп, оны қатты қуантты. Өнер иесі оған әлемге әйгілі брендтен алған қымбат киімін сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Гүлнұр Оразымбетова өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Эстрада жұлдызы әріптесінің асқан жомарттығы мен қолының ашықтығына тәнті болған.

"Адамның жомарттығы, кеңдігі, қолының ашықтығы өзіне мың есе болып қайтатыны рас. Үлкен бір жобада өнердегі әріптесім, досым Әлішер Кәрімовке "мына костюмің маған қатты ұнайды" дегенім сол ед,шешіп, иығыма жаба салды. Анау-мынау емес, дырдай Gucci-дің костюм-смокингі. Одан кейін Әлішердің талай Gucci кигені сөзсіз ғой. Мен үшін адами асыл қасиеттің көрінісіндей болған қымбат костюм. Рахмет, досым", - деп өз алғысын жеткізді ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Роза Әлқожа қызының туған күнінде оған көлік сыйлағанын жазған болатынбыз. Сөзінше, перзенті бұл сыйды асыға күткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988134-iygyma-zaba-saldy-aliser-karimov-gulnur-orazymbetovaga-qymbat-kiimin-syiga-tartty-foto/

pixel