Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Дәулетияров Головкинге қолдау көрсету үшін АҚШ-қа аттанды

Опубликовано:

Арман Дәулетияров
Фото: Instagram/arman_dav

Қазақстандық танымал медиаменеджер Арман Дәулетияров Геннадий Головкинге қолдау білдіру үшін Лас-Вегас қаласына ұшып барды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арман Дәулетияров бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтты.

"Мен Лас-Вегастамын. Әрине, бұл қалаға казино ойнау үшін келген жоқпын. Бұл жерге неше мәрте келсем де, ешқашан ойнап көрмеппін. Біріншіден, сенбі күні бұл қалада Головкин мен Канелоның жекпе-жегі өтеді. Қазақстандық боксшыға қолдау білдіруге міндетті түрде барамын. Оның үстіне бұл ауқымды шараға келетін достарыммен кездесіп қайтамын. Геннадий Головкинге сәттілік тілеп, оған қолдау білдіреміз", - деп жазды продюсер.

Сонымен қатар медиаменеджер бұл қаланың әсемдігіне қарамастан, ол жерден тезірек кеткісі келетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988205-arman-dauletiyarov-golovkinge-qoldau-bildiru-usin-aqs-qa-attandy/

pixel