Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғымды жу деп қалай айтасың": Түсіпбаева енесі күн көрсетпейтін келіндерге кеңес берді

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева. Фото
Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/ meruert_tusupbaeva

Меруерт Түсіпбаева қазіргі қазақ қоғамындағы ене мен келін арасындағы өзекті тақырыпқа байланысты өз ойын айтты. Әнші келінді қызметші көретін енелердің әрекетін сынап, келіндерге өмірдің бір рет қана берілетінін "АйнаLine" бағдарламасында ескертті.

Өнер иесі бағдарлама барысында баласының 21 жасқа толғанын, алайда әлі келін түсірмегенін айтып өтті.

"Бір тал баламды анам екеуміз өсірдік. Анама рахмет. Сол кісінің еңбегі сіңді. Мен ешқашан баламның келінін жұмсап, күң көрмеймін. Бізде қазақта күң санайды ғой. Қазақта былай, келін келді ме "Тізіліп отырайық. Үй қызметшісі келді. Жақсы болды. Енді отырамыз" дейді.

Анау біреудің бір тал, өбектеп өсірген қызы. Мейлі бес тал қызының бірі болсын. Қазақ қызын "жат жұрттық" деп еркелетіп өсіреді ғой", - деді әнші.

Ал бағдарлама жүргізушісі әншіден "Кейін келінге үй жинатып, шәй құйғызасыз ба?" деп сұрады. Әнші олай жасамайтынын ашып айтты.

"Ол қате ой. Келін жақсы десең жақсы болады. Жаман десең - жаман. Сені сыйламаса, сыйлама. Сен де біреудің бір түйір қызысың. Баласын туып беріп отырсың. Сол 50-ден асқан әйел саған күн көрсетпей жатса, енеңмен бірге тұрма. "Сау бол деп" есікті жап та, кете бер. Өмір бір-ақ рет беріледі", - деді әнші.

Түсіпбаева сондай-ақ, уақыт өте келе баласымен емес, өз теңімен бірге тұруды жөн көретінін жеткізді.

"Мен ана баланы жалғыз өсірдім. Мені бақ, аяғымды жу" деп қалай айтасың? Құдай көрсетер, мен де жалғыз тұрмаспын. "Қырық ұлың болғанша, жаныңда шалың болсын" дейді ғой. Мен енді заманауи адаммын. Құдайға шүкір, қазіргі уақытта отқа-суға қарап отырған жоқпын. Әлі жаспын.

Келін келеді шүкір. Үй дайын. Көлік дайын. Барлық жағдай дайын. Екі қалада екі үй. Баламның білімі бар шүкір. Бастысы баламды сүйсе болды. Сыйласа, жақсы көрсе болды.

Келініммен болашақта шетелге шыққым келеді. Олардың балаларын бағамын. Көмектесемін. Өйткені өз баламды бақпағанмын. "Қызым" деймін. Біз ақылды болуымыз керек. Мен енемін, мен үлкенмін. Менің балам бақытты болу үшін, мен үндемеуім керек. Егер мен келінге тиісе берсем, шұқи берсем, "ана жерді сүрт, бүйт" десем, балам бақытсыз болады. Олар жас қой. Ең бастысы келінім балама адал болса болды. Оны үй қызметшісі қылып керек емес. Жүрсін, көрсін, тұрсын. Бірге тұрмаймыз. Жас адам өмірдің ләззатын көру керек", - деп сөзін аяқтады әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988496-ayagymdy-zu-dep-qalai-aitasyn-tusipbaeva-enesi-kun-korsetpeitin-kelinderge-kenes-berdi/

pixel