Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Голландиялық көшеде қалды": Желідегілер Димаштың концертіне келгендер жатын орын таппай жүргенін жазуда

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Алматыдағы орталық стадионда Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді. 23 қыркүйекке жоспарланған "Stranger" шоуына келген шетелдік фанат Алматы қонақ үйлерінен орын таппай қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы қолданушысы Arsenio өзінің желідегі парақшасында жазды.

"Алматыда қонақүйлерді брондауда қиындық туындап жатыр. Қонақ үй бөлмелері бос емес. Пәтер иелері брондаудан бас тартып жатыр. Голландиядан келген қонақ көшеде қалды.

Маған қонақ үйлерде Димаш Құдайбергеннің шетелдік жанкүйерлері 23 қыркүйекте болатын концертке келіп, барлық орынға жайғасып алғанын айтты", - деді ол жазбасында.

Tengritravel.kz мәліметінше, бұл ақпаратты Алматы туризм басқармасы растаған.

"Алматы қонақүйлерінде шетелдік туристердің келуіне байланысты жоғары жүктемелер байқалады. Олардың арасында 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласының орталық стадионында концерт беретін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтің жанкүйерлері бар", - деп жауап берді ведомства.

Сондай-ақ басқарма мәліметінше, 50 елден келген туристерге шамамен 21 000 билет сатылған.

Айта кетейік, Димаштың концертіне келетін фанаттарға Тикетон сайты бірнеше жайтты ескеруді өтінді.

Оның ішінде адам санының көптігіне байланысты 5 жастан кіші балалармен концертке бармауға кеңес берген.

  • "Билет концерттік іс-шараға келушінің жасына қарамастан бір адамға жарамды. Дегенмен, 5 жасқа дейінгі балалармен бірге концертке бармауға кеңес береміз.
  • Билет иесі сатып алынған билеттерге сәйкес орындарға отыру тиіс. Стадион ішінде орын ауыстыру қатаң шектелген.
  • Көрермендер санының көптігін ескере отырып, стадионға алдын-ала келуді ұсынамыз (кезекте тұрмас үшін, концерт басталғанға дейін кемінде 2 сағат бұрын)
  • Концерттік іс-шараға қатысқан кезде жеке автокөлікті пайдаланудан бас тартуға кеңес береміз - стадион маңындағы тұрақ орындарының саны шектеулі!
  • Стадионға тамақ пен сусын әкелуге тыйым салынады", - деді ауқымды шараға билет сатушы сайт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988827-gollandiyadan-kelgen-qonaq-kosede-qaldy-zelidegiler-dimastyn-koncertine-kelgen-seteldikter-zatyn-oryn-tappai-zurgenin-zazuda/

pixel