Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал жұлдыздардың алғашқы махаббаты кім

Опубликовано:

Сиви Махмуди
Сиви Махмуди. Фото: instagram.com/sivi_makhmudi

Отандық шоу жұлдыздарының алғашқы махаббаты кім? Өнер иелері балалық махаббаты жайлы сырларымен бөлісті, деп хабарлайды Massaget.kz.

Әнші Сиви Махмуди алғашқы махаббатының Алмас Кішкенбаев болғанын әлеуметтік желіде еске алды.

"Сенсация болсын. 15-16 жасымда жүрген бірінші жігітім, алғашқы махаббатым - Алмас Кішкенбаев. Бірінші рет айтып тұрмын. Қазір ол - жан досым. Бізде бала махаббат болды. Ол 18-де, мен 15-16 жаста едім. Қазір күліп еске аламыз", - деп жазды Сиви Махмуди.

Ал Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова мектеп кезінен-ақ жігіттердің арманына айналған. Айтуынша, тіпті мектеп қабырғасында оған 19 жігіт қатар сезімін білдіріпті.

"Мен 8-сынып бітіріп, 9-сыныпқа барғанда 19 жігіт хат жазған. Маған көңіл білдірді. Мен мектепте белсенді едім. Содан көзге көп түстім. Ол кезде жігітпен қыдыру, кездесу деген әңгіме жоқ. Мектепте оқып жүргенде кездескен жігітім болды. Ол - ең алғашқы махаббат. Біз өзгелерге үлгі болдық. Біз секілді жүргісі келетін. Бізді қосылмай кетеді деп ешкім ойламады. Кейін мен тұрмысқа шыққанда бәрі таңғалыпты. "Гүлзираның өзі жігітін әскерден күтпегенде, сен күтесің бе?" деп ауылдың жігіттері қыздарды айыптайтын болыпты. Ол жігіт туралы ашық айтқым келмейді. Ол балалық сезім ғой. Нағыз махаббатым - қазіргі жолдасым. Қайрат нағыз махаббаттан туған бала", - деді Айдарбекова.

Роза Рымбаеваның кенже ұлы Мәди Рымбаев та мектеп қабырғасында көрші сыныптың қызына ғашық болып, өзіне қарата алмаған.

"Алғашқы махаббатым мектеп партасынан басталды. 5-сыныпта параллель оқитын қызға ғашық болдым. Ол орыс сыныбында оқыды. Екеуміз пианино үйірмесіне бірге қатыстық. 11-сыныпқа дейін артынан жүгірдім. Бірақ өкінішке орай, маған қарамады", - деді Рымбаев.

Ал Қуандық Рахым алғашқы махаббаты болғанын, алайда қазір ол арудың отбасылы екенін алға тартты.

"Әрине, алғашқы махаббат бәріміз де болды ғой. Алайда мен қазір өткенді қазбалағым келмейді. Себебі ол қыздың қазір өз отбасы, бала-шағасы бар. Өткенді еске алып, адамдардың көңіліне селкеу салғым келмейді", - деді ол. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988889-tanymal-zuldyzdardyn-algasqy-maxabbaty-kim/

pixel