Дастан Оразбеков: Жастықтың жалынымен үлкендердің даналығын елемейді екенсің

Опубликовано:

Дастан Оразбеков
Фото: Instagram/dastanello82

Отандық танымал әнші Дастан Оразбеков желіде әсерлі жазба бөлісіп, әкесінің бес өсиеті жайлы айтып берді. Сөзінше, асқар тау әкесінің даналығы оның өмірлік қағидасына айналып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дастан Оразбеков ата-ана тәрбиесі жайлы Instagram парақшасында сөз қозғады. Ол жас кезде олардың даналығын елемегеніне өкінішін жеткізді.

"Жастықтың жалынымен үлкендердің даналығын елемейді екенсің. Бірақ ақыл кіріп, ес тоқтатқан шақта жанашыр ата-ананың білгенімен бөліскісі келгенін, шындықты жасырмағанын мойындайсың. Ең қызығы, ол кісілердің сөздері жаттап жүрмесең де жадыңда сақталады. Шын жүректен айтқаннан болар.   Менің өмірлік қағидаларыма айналған асқар тау әкемнің 5 өсиетін ой елегінен өткізіп, қағаз бетіне түсірдім. Бәлкім сіздерге де пайдасы тиер:  

  • Жұмыстың нәтижесіне бірден жетем десең, күшің сарқылады. Әр істі асықпай жаса, кезең-кезеңін қадағала, сонда ғана жемісін көресің.
  • Егер қолыңнан келмей жатса, мойында. Білікті маманнан көмек сұра, ұтасың.  
  • Қызбалыққа салынба, ашуыңнан бұрын ақылың алда жүрсін.
  • Алдыңда ағаң бар, мен болмасам, көшті сол бастайды. Ағаңды сыйла, үлгі қыл.
  • Беделің артқан сайын айналаңды саялайтын жалған жолдастар көбейе бастайды. Дәл сол шақта әркез жаныңнан табылатын туған бауырларыңды ұмытпа. Олар сенің қаның. Сүрінсең – сүйейді, құлатпайды, тірейді", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988892-dastan-orazbekov-zastyqtyn-zalynymen-ulkenderdin-danalygyn-elemeidi-ekensin/