"Қоныс аударуға тура келді": Әнші Еркін Нұржанов не себепті Шымкентке көшіп кеткенін айтты

Опубликовано:

Еркін Нұржанов әйелімен
Фото: Instagram/erkin_nurjanov_official

Отандық танымал әнші Еркін Нұржанов ақтарыла сұхбат беріп, өз өмірі мен шығармашылығындағы жаңалықтарын бөлісті. Өнер иесі көптен бері ел алдында көрінбей кетуінің және басқа қалаға қоныс аударуының себебін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еркін Нұржанов өнер ордасы саналатын Алматы қаласынан кетіп, соңғы жеті жыл бойы Шымкент шаһарында өмір сүрген. Әншінің бұл қалаға қоныс аударуының өз себебі де бар болып шықты. Сөзінше, бұл қадамға әкесі үшін барған.

Алайда араға бірнеше жыл тастап, әртіс ақыры Алматыға қайта оралған.

"Алматыда қысым жоғары, сол анамның денсаулығына әсер беріп, анам содан көз жұмды. Ол әкемнің де денсаулығына әсер ете бастады. Жалғыз әкем қалған соң, сол кісінің жайын ойлап, қоныс аударуға тура келді. Жарты жылдың көлемі болды, ақырындап Алматыға көшіп жатырмыз. Желтоқсанның 12-сі туған күнім, соған қарай жеке концертімді жоспарлап отырмын. Шымкенттен бастайтын шығармын. Алматы мен Астанада міндетті түрде үлкен концерт беремін" ", - деді ол.

Оған қоса Нұржановтың отбасылық өмірінде қуанышты жаңалықтар орын алған. Жақында өнер иесінің төртінші перзенті дүниеге келген.

"Жақында ұлды болдым. Осы уақыт ішінде жанұяның жай-жапсарын жайғастырып жүрдім", - деп ағынан жарылды ол "1001 түн" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988999-qonys-audaruga-tura-keldi-ansi-erkin-nurzanov-ne-sebepti-symkentke-kosip-ketkenin-aitty/