Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келін - робот емес": Балжан Бидаш оқырманына жауап берді

Опубликовано:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

Екі жыл бұрын актер Жахан Отарғалиевпен отау құрған әнші Балжан Бидаш Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берді. Өнер иесі келіннің қызметші еместігін жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отбасын құрғалы өнер әлемінен алыстаған әнші әлеуметтік желіде күйеуімен бірге вайн түсіріп, көпшілікке енесін де көрсетіп тұрады.

Балжан Бидаш кезекті оқырманынан келген сауалмен, Instagram stories-те бөлісті.

"Келін болған қиын ба? Сіз қандай келінсіз?", - деп сұрақ қойған өнер иесінің оқырманы.

Ал әнші келіннің робот немесе қызметші еместігін айтты.

"Менің түсінігім бойынша, біріншіден келін ата енесін, күйеуінің туыстарын сыйлау керек. Екіншіден ол - күйеуінің ұрпағын жалғастыратын, балаларын тәрбиелейтін ана. Келін - робот емес. Келін - қызметші емес. Ал күнделікті істейтін тамақ пен үй жинау - ол әрбір адамның тіршілігі", - деді Балжан Бидаш.

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш оқырманына жауап берді. Скриншот: instagram.com/bidash_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989108-kelin-robot-emes-balzan-bidas-oqyrmanyna-zauap-berdi/

pixel