Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Элизат Берікова тағы да тұрмысқа шығуға қатысты жауап берді

Опубликовано:

Элизат Берікова
Фото: Instagram/elizaberikova007

"Кешью" тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова екінші мәрте тұрмысқа шығуға қатысты өз ойын айтты. Ол әзірге тағы да отау құруға дайын емес екенін жеткізді. Өнер иесінің бірінші некесі сәтсіз аяқталған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Элизат Берікова Instagram желісінде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді.

Оқырмандар қауымы одан екінші мәрте тұрмысқа шығу мен өзінен кіші жігітпен кездесу жайлы сұрады.

Әнші ару әзірге тағы да шаңырақ көтеруге дайын емес екенін кесіп айтты.

Ал жасы өзінен кіші жігітке қатысты сұраққа әзілмен жауап берді.

"Әзірге үшінші ұлды жоспарламадым. Екеуіне шамам әрең жетіп жүр", - деді ол.

Элизат Берікованың Stories-i
Элизат Берікованың Stories-i. Скриншот: Instagram/elizaberikova007

Оған қоса, Берікова желіде осыдан он жыл бұрын қандай болғанын көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989135-elizat-berikova-tagy-da-turmysqa-syguga-qatysty-zauap-berdi/

pixel