Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркебұлан Дайыров пен Асан Мажит жаңа театр ашты

Опубликовано:

Еркебұлан Дайыров пен Асан Мажит
Еркебұлан Дайыров пен Асан Мажит. Фото: Instagram/ sham_theatre

Елімізге танымал театр және кино актерлері Еркебұлан Дайыров пен Асан Мажит "Шам" театрын ашты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

4, 5 қыркүйек күндері тұсауын кескен жас театрдың тырнақалды туындысы - әзірбайжан драматургі Исмаил Иманның "Астара бақтары" пьесасының желісі бойынша режиссер Фархад Молдағали сахналаған "№37" спектаклі.

Еркебұлан Дайыров пен Асан Мажиттің айтуы бойынша, "Şam" театрын құрудағы негізгі мақсат - үй ішінен үй тігу емес, қазақстандық барша театр актерлерінің бас түйістіріп, түрлі идея бөлісетін ортақ өнер алаңын қалыптастыру.

"Біздің театрымыздың басқа өнер ұжымдарынан айтарлықтай айырмашылығы, өзгеше бағыт-бағдары жоқ. Себебі, барлық театрдың басты миссиясы - ізгілік пен жақсылыққа, адами қалыптан айнымауға жол сілтеу", - дейді өнер иелері.

Спектакльдің кезекті көрсетілімі 30 қыркүйек пен 7 қазан күндері көрермен назарына ұсынылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989504-erkebulan-daiyrov-pen-asan-mazit-zana-teatr-asty/

pixel