Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Байзақова тұрмысқа шығады (фото, видео)

Опубликовано:

Айжан Байзақова отбасымен және болашақ жарымен
Айжан Байзақова отбасымен және болашақ жарымен. Фото: instagram.com/baizaakov

Блогер Айжан Байзақова Instagram парақшасында тұрмысқа шығатынын мәлім етті. Оған сүйіктісі ұсыныс жасаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алайда Байзақова болашақ жарының суретін көпшілікке көрсетпеді.

Ер адам оған "Маған тұрмысқа шығасың ба?" деген жазу мен іші гүлмен көмкерілген жүрек ішінде ұсыныс жасаған.

Ал Байзақованың келісімінен соң, жүзік пен ақ раушан гүлдерін ұсынды.

Әлихан Байзақов Instagram парақшасында әпкесінің тұрмысқа шығуға келісім бергенін атап өтті.

"Бақытты сол, жаным. Ол "иә" деді", - деп жазды Байзақованың інісі.

"Бақытты сол", "Сен бақытқа лайықтысың", "Шын жүректен құттықтаймын", "Міне, нағыз азамат. Бақытты болыңыздар", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989528-baizaqova-turmysqa-sygady-foto-video/

pixel