Белгісіз азаматпен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым көпшілікті қызықтырып қойды (фото)

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Жарқынай Ханайым. Фото: instagram.com/jarkynaixanaiym

Әнші Жарқынай Ханайым осыдан бірнеше күн бұрын Instagram парақшасында белгісіз азаматпен түскен суретін жариялап, көпшілікті қызықтырып қойған болатын. Өнер иесі жанындағы ер адамның кім екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Жарқынай Ханайымның әлеуметтік желіге жүктеген суреті оқырмандарының қызу талқысына түскен болатын.

"Бақытты болыңыз", "Кино немесе пранк шығар", "Егер шын болса, қуаныштымын" деп жазған болатын желідегілер.

Ал актрисаның өзі бұл жазбасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жариялаған суреттегі қыз өзі емес екен.

"Ал енді мына суретке келсек... Суреттегі кино да, түсірілім де емес. Суреттегі қыз мен емес. Ешкім ажырата алмады. Қырағы көздеріңіз қайда? Тапқан адамға сыйлық жібергім келген. Біреуіңіз "Сен емес" деп жазбадыңыздар ғой.

Жарқынай Ханайым
Жарқынай Ханайым. Фото: instagram.com/jarkynaixanaiym

Танымаймын. 2019 жылы құрбым жіберген. Кеше архивті қарап отырып, тауып алдым. Қуантып немесе ренжітіп алсам, кешірім сұраймын", - деді Жарқынай Ханайым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989578-belgisiz-azamatpen-tusken-suretin-zariyalagan-zarqynai-xanaiym-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy-foto/