Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сынып кетуіңіз бек мүмкін": Азамат Сатыбалды актер болғысы келетін жастарға кеңес берді

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды
Азамат Сатыбалды. Фото: brod.kz

Қазақстандық танымал актер Азамат Сатыбалды өнер саласын арман еткен жастарға үндеу жасап, өзінің ағалық кеңесін берді. Ол актер болу үшін таусылмайтын сынға дайын болу керектігін ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды актерлік қызметтің қиындығы туралы айтып, жастарға өз ақылын айтты. Ол жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

"Актер боламын деген жас достарыма айтар ағалық ақылым. Актердің өмірі бітпейтін кастингтерден тұрады. Себебі ол - тәуелді мамандық. Академияға түсу - кастинг. Театрға кіру - кастинг. Театрда рөл алу - кастинг. Киноға түсу-кастинг. Бір режиссерға көзіңіз ұнамайды, ал біреуіне өзіңіз ұнамайсыз. Бір рөлге түріңіз келсе, бойыңыз келмейді, бойыңыз келсе ойыңыз келмейді. Бір бітпейтін сын. Сіз мұндай сынаққа дайынсызба? Алдымен соны шешіп алыңыз.

Дайын болсаңыз келіңіз. Әйтпесе сынып кетуіңіз бек мүмкін. Оңай шаруа емес. Мұндай сынға актерлікті шын сүйген адам ғана шыдайды. Қазір өнер әлемінде жүрген әріптестерімді, кәсібін ессіз сүйген хас шеберлер дер едім. Театр мен кинода жүрген актерлардың алдында басымды иемін. Мен сендермен мақтанамын алтындарым. Біз біргеміз. Алла жар болсын", - деп жазды актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989598-synyp-ketuiniz-bek-mumkin-azamat-satybaldy-akter-bolgysy-keletin-zastarga-kenes-berdi/

pixel