Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала-шағасымен қайда барарын білмей жүр": Жазира Байырбекова әлемдегі жағдайға алаңдаулы

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова әлемде болып жатқан жағдайға асқан алаңдаушылық танытты. Өнер иесі орын алған мәселеде қарапайым халықтың зардап шегіп жатқанына қынжылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова бүгінде барарға жер таппай жатқан аналар мен балаларды көріп көзіне жас келгенін айтты. Ол жер бетіндегі барлық жұртқа бейбітшілік тіледі.

Әнші әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

"Адамзатты дініне де,ұлтына да,руына да бөлмей бірдей қараймын. Бүгін бала-шағасымен не істерін,қайда барарын білмей жүргендей орыс аналар мен балаларды көріп көзіме жас келді. Саясаткер емеспін.Халықты шатастырмай саясат туралы үндемемейін. Бір білерім соғысып жатқан елдердегі қарапайым халыққа қиын болып жатыр7 Украин болсын, орыс болсын, ауғанстандық болсын бәрін Алла жаратты ғой. Адамзат ретінде жер бетіндегі барлық ұлтқа бейбітшілік тілеймін! Соғыс болмай, адам шығынысыз шешілетін амалдарын тапса екен16 - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989631-bala-sagasymen-qaida-bararyn-bilmei-zur-zazira-baiyrbekova-alemdegi-zagdaiga-alandauly/

pixel