Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұят ештеңесі жоқ": Айжұлдыз Адайбекова шомылатын киіммен түскен суретін жариялады

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова алғаш рет шомылатын киіммен түскен суретін жариялап, мінсіз мүсінін паш етті. Өнер иесі халықтың сынына дайын екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова ел арасында қызу талқыланған фотоны Instagram парақшасында бөлісті.

"Бұл мен үшін дебют болды. Шомылатын киімдегі алғашқы суретім. "Қазақ қызына тән емес" деп сын айтушыларға дайынмын. Әркім көргісі келетін нәрсені көреді. Бұл менің денем. Сіздер де дене бар. Ұят ештеңесі жоқ. Оның үстіне мен өз кемшіліктерім туралы айтып бердім. Кез келген қыз мені түсінеді деп ойлаймын", - деп жазды блогер ару.

Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і
Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і. Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Сонымен қатар Адайбекова өзі жайлы тың мәліметтерді де бөлісті.

Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і
Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і. Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

"Ішімдік ішпеймін. Әртістерге ақшаға хит әндер жазып беретінмін. Бір жыл Еуропада өмір сүрдім. Негізі жомарт жанмын. Жақындарыма көлік сатып әперетінмін. Адамдарды емдей аламын. Бірақ оны көрсетпеймін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989726-uyat-estenesi-zoq-aizuldyz-adaibekova-somylatyn-kiimmen-tusken-suretin-zariyalady/

pixel