Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Салтанат Бақаева туған күнін Түркияда атап өтті (видео)

Опубликовано:

Салтанат Бақаева
Салтанат Бақаева. Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Қазақстандық танымал әнші Салтанат Бақаева бүгінде Түркия елінде демалып жүр. Өнер иесі бұл сапарына отбасымен бірге барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева өзге әріптестерінен қалыспай Түркия еліне саяхаттап қайтуды шешкен. Эстрада жұлдызы шетелге шыққанын Instagram парақшасында жариялап, демалысы қалай өтіп жатқанын белсенді түрде көрсетуде.

Жұлдызды жанұя Стамбул қаласының әсем әрі тарихи жерлерін аралап, бұл сапардан алған әсерімен бөлісіп жатыр.

Оған қоса Салтанат Бақаева өз туған күнін Түркия елінде қарсы алған. Жақындары оған ерекше тосынсый жасап құттықтаған.

"Баршаңызға Стамбул қаласынан жалынды сәлем! Туған күнімді басқа елде қарсалып көрсем екен деп армандап жүргенімде 7 күндік саяхат жайында естіп, тез жинала бастадым!Бақытымда шек жоқ! Басыма осындай бақ берген Аллаға сансыз шүкір! Ризамын! Тарихы терең Стамбул қаласы шын мәнінде өте әдемі, өте әсерлі екен! Ізгі ниетпен сіздерге де осындай демалыс бұйырсын деп тілеймін", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989806-ansi-saltanat-baqaeva-tugan-kunin-turkiyada-atap-otti-video/

pixel