Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Борис Моисеев өмірден озды

Опубликовано:

Борис Моисеев
Борис Моисеев. Фото: Instagram.com/bmoiseevpro

Бүгін, 27 қыркүйек күні Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Борис Моисеев өмірден озды. Әншінің өлім себебі мен жерлеу күні әзірге жарияланған жоқ. Бұл туралы РИА Новости агенттігі жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Борис Моисеев 69 жасында қайтыс болды. Бұл туралы басылымға оның арт-директоры Сергей Горох мәлімдеді.

"Иә, солай... Бүгін сағат 2-де дүние салды", – деді сұраққа жауап берген Горох.

Оның айтуынша, қоштасу рәсімі мен жерлеу рәсімі өтетін күндері туралы әзірге ештеңе белгісіз.

Борис Моисеев 1954 жылы Беларусьтің Могилев қаласында дүниеге келген. Ол кеңестік және ресейлік әртіс, эстрада әншісі, биші, хореограф әрі актер ретінде ел есінде қалды. Әнші Ресейдің еңбек сіңірген әртісі атағын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989905-ansi-boris-moiseev-omirden-ozdy/

pixel