jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Қашықтан араласуға тура келді": Дастан Оразбеков әйелімен қалай танысқанын айтты

    Дастан Оразбеков әйелімен
    Дастан Оразбеков әйелімен. Фото: Instagram/dastanello

    Отандық танымал әнші әрі актер Дастан Оразбеков келіншегі екеуінің махаббат хикаясы қалай басталғанын айтып берді. Өнер иесі тіпті сүйіктісіне сезімін білдіру үшін оған арнап ән шығарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дастан Оразбеков өз репертуарындағы "Тамшылар" әні әйеліне арналғанын айтты. Эстрада жұлдызы келіншегі өзіне жұмақтай сезілгенін айтты.

    Сөзінше, олардың таныстығы 2006 жылы орын алған. Оразбековтың басқа елге кетуіне байланысты қос ғашық бастапқыда қашықтан араласуға мәжбүр болған.

    "Тамшылар" әні — жан жарыма білдірген сезімім, арамыздағы махаббат хикаясының бейнесі. Біз 2006 жылы таныстық, бірақ мен жұмыс бойынша Мәскеуге жол жүруге мәжбүр болдым. Содан қашықтан араласуға тура келді. Сезімімді білдіру үшін оған арнап осы әнді жаздым.

    Әннің алғашқы шумағында "Сенсің Жәннәт" деген жолдар бар. Сүйген жанның есімі "жұмақ" сөзімен мәндес болып шықты. Шынымен де көз алдымда ол маған жұмақтай сезілді. Міне, осындай оқиғадан "Тамшылар" әні жарыққа шықты, ал онымен жанұямыздың тарихы басталады", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

    "Қашықтан араласуға тура келді": Дастан Оразбеков әйелімен қалай танысқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.