Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нан мен шемішке саттық": Ләйлә Сұлтанқызы базарда жұмыс істеген кезін есіне алды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жас кезін есіне алып, базарда жұмыс істегенін айтты. БАҚ өкілі шемішке мен нан сатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы жас кезі жайлы "Түнгі студия" бағдарламасында сыр шертті. Ол саудамен айналысқаны үшін намыстанғанын жасырмады.

"90-жылдары қайта құру болды. Сонда анам ыстық күнде газға нан пісіретін, күніне 200 данадай. Соны дорбаға салып, баарға апарып, 50 теңгеден сататынбыз. Далада шемішке саттық", - деді тележүргізуші.

Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызы студенттік кезде де саудаға араласқанын айтты.

БАҚ өкілі әжесі ол оқитын ЖОО-ның алдына шемішкесін арқалап келгенде ұялғанын жеткізді.

"Сонда марқұм әжеме: "Мен жүретін жерде сатпаңызшы. Ұят қой. Курстастарым, сыныптастарым көріп қалады, мазақтайды", - дейтінмін. Қазір соны ойласам, тіпті ұят. Балалықпен болған нәрсе. Бірақ сол қиындықтардан кейін қазір жастарға қараймын да риза боламын. Сіздерде қандай мүмкіндіктер бар", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990025-nan-men-semiske-sattyq-laila-sultanqyzy-bazarda-zumys-istegen-kezin-esine-aldy/

pixel