"Ауыр кезең болды": Айым Сейтметова күйеуімен арақатынасындағы қиындықтарды айтты

Опубликовано:

Айым Сейтметова жолдасымен
Фото: Instagram/aiymsm

Қазақстандық танымал актриса Айым Сейтметова күйеуімен қарым-қатынасында қандай қиындықтарға тап болғанын айтып, көпшілікке өз сырын бөлісті. Өнер иесінің сөзінше, олар психолог маманның көмегіне жүгінуді шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айым Сейтметова жеке өміріндегі жағдай жайында Instagram парақшасында баяндады.

"Соңғы уақытта Талғат екеуіміздің қарым-қатынасымыз ауыр кезеңге тап болды. Сол себепті біз отбасылық психологқа жүгінуді шештік. Біз мұндай қадамға алғаш рет барып тұрмыз. Көп нәрсені түсіндік. Психологқа барғаннан кейін жеңілдей түстік. Егер қарым-қатынастарыңызда қиындықтар туындаса дереу түрде кәсіби маманға жүгінуге кеңес беремін", - деді Сейтметова.

Актрисаның айтуынша, күйеуі екеуі бір-біріне іштегі сырларын айтып, тіпті жылап алған. Талғат Итаев оның кеңстеріне құлақ асқан.

"Егер отбасылық қиындықтарыңыз болса қашпаңыз, психологқа барып оларды шешіңіздер. Бұл тамағыңыз ауырғанда дәрігерге барғанмен бірдей", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990140-auyr-kezen-boldy-aiym-seitmetova-kuieuimen-araqatynasyndagy-qiyndyqtardy-aitty/