Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жастайымнан әр түрлі сынақтардан өтіп келем": Ақбота Сейтмағамбет әсерлі жазба жариялады

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет өз өмірі жайлы сыр шертіп, желіде әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі өмір жолындағы сынақтардан қалай өтіп келе жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет өмір жайлы ой-толғауын Instagram парақшасында бөлісті. Ол өзін қандай қиындықтар күтіп тұрса да, қос перзенті үшін әрқашан жігерлі әрі қайсар болуға тырысатынын айтты.

"Өмір жолында кім-кімнің де бір кем дүниесі болады. Тіршілік сонысымен де қызық шығар. Барлығын бірден алдыңа әкеліп, үйіп-төгіп бере салса бәлкім шүкіршіліктің не екенін, сабырдың, күтудің, қол созып жоғыңа қарай ұмтылудың не екенін, қадір-қасиетін ұғынбас едік. Жастайымнан әр түрлі сынақтардан өтіп келем, шүкір. Өз еңбегіммен тырысшаңдығыммен біртіндеп армандарыма жетіп келем.

Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і. Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy

Дайын асқа тік қасық емес, терім тамшылап татқан наным артық. Екі жарық дүнием үшін жігерлі, қайсар өмір сүруім маңызды. Осының барлығы шыдамдылықты талап етеді. Сабырлы әрі шыдамды болуға тиіспін. Себебі осы екеуінің мені шыңға жеткізетін ең соңғы кілт екенін білемін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990203-zastaiymnan-ar-turli-synaqtardan-otip-kelem-aqbota-seitmagambet-aserli-zazba-zariyalady/

pixel