Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлігін рұқсатсыз кіргізген": "Көлсай көлдері" табиғи паркі Төреғали Төреәлінің төбелескенін растады

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі сахнада
Төреғали Төреәлі. Фото: vkurse.kz

Әлеуметтік желіде Төреғали Төреәлінің жас жігітті соққыға жыққаны туралы видео тарап кетті. Аталған видеоға қатысты "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресми хабарламаны журналист Диас Нұрақын жариялады.

"Әлеуметтік желілерде тарап жатқан Көлсай көлі маңдайына болған бейне түсірілімге қатысты "Көлсай Көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі келесіні хабарлайды. 2022 жылдың 28-қыркүйегі күні танымал әнші Төреғали Төреәлі және көл маңайында қонақтарды қыдыртып жүрген туристік фирма өкілі арасында түсініспеушілік туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Бұл оқиға Кеген аудандық ішкі істер бөліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ал әнші мінген көлікті Ұлттық парк аумағының рұқсат етілмеген бөлігіне кіргізгені үшін, сол күні кезекшілік атқарған мекеме қызметкерінің үстінен шара қолдану үшін қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Айта кетелік, аталған жайтқа қатысты Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов пікір білдірді.

"Тексеру шаралары басталды. Алматы облысы ПД басшысының тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау Кеген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жүктелді. Жүргізілген іс-шараларды Алматы облысының Полиция департаменті бақылауға алады", - деді Рустам Абдрахманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990304-koligin-ruqsatsyz-kirgizgen-kolsai-kolderi-tabigi-parki-toregali-torealinin-tobeleskenin-rastady/

pixel