Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас әнші Думан Марат "Жіберем қалай" әнінің қалай шыққанын айтып берді (видео)

Опубликовано:

Думан Марат
Думан Марат. Фото: "Қызық Live" бағдарламасы

Әлеуметтік желілерде әндері өте танымал жас орындаушы Думан Марат "Жіберем қалай" әнінің қалай шығуына кім себепкер болғанын түсіндірді. Жас жігіт әнге себепкер болған бойжеткенмен қазіргі таңда мүлде араласпайтынын "Қызық Live" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Думан Марат әндердің сөзін де, әнін де өзі жазатынын мәлім етті.

Жас орындаушының айтуынша, желіде хит болған "Жіберем қалай" әні карантин уақытында жазылған.

Думан Марат сол уақытта сүйгенімен арасында келіспеушіліктер, қызғаныш болғанын жасырмады. Сол себептен бүгінге ол бойжеткенмен қарым қатынасын үзген.

"Бұл әнді негізі карантиннің бірінші толқынында, үйде жүргенде шығардым. Негізі, қыз себепкер болады ғой. Ұрысып қалдық. Мен де, ол да қызғандық. Бір бірімізге сенбедік. Қазір мүлде араласпаймыз", - деді ағынан жарылған жас әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990739-otandyq-oryndausy-duman-marat-ziberem-qalai-aninin-qalai-syqqanyn-aityp-berdi-video/

pixel