Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Азамат Сатыбалды Мұқағалидің рөлі үшін 14 келі салмақ қосқан (видео)

Жарияланған күні:

Азамат Сатыбалды
Азамат Сатыбалды. Фото: instagram.com/azamatc

Актер Азамат Сатыбалды Мұқағали Мақатаевтың рөлін сомдау үшін 14 келі салмақ қосқан. Өнер иесі бұл жайлы "Түнгі студия" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды аталмыш рөлі үшін арнайы уколмен 96 келіге дейін салмағын арттырады.

"82 келіден 96-ға жеттім. Өзімді өте ауыр сезіндім. Мен салмақты табиғи жолмен қоспадым. Өйткені 1-1,5 айда салмақ жинау керек болды. Кіндікке салатын укол бар. Сол арқылы бір айдың ішінде 14 келі қостым.

Енді өте қиын. Таңертең оянғанда саусақтарың, аяқтарың ісіп кетеді. Ауыр қимылдайсың. Өйткені ағзаңнан су шығармайды. Және бұл затты ағзадан шығару да қиын. Бір жыл болды сол салмаққа қайта орала алмай жатырмын. Қазір диетадамын, дұрыс тамақтанамын, жүгіремін. Қазір 85 келімін. Әлі екі келі тастауым керек", - деді актер.

Азамат Сатыбалды Мұқағали рөлінің кезекті сериясы үшін он күн ішінде қайта он келі салмақ тастауы керек болған.

"Мен енді ойлаймын, өзіңе қиянат жасайсың. Бірақ бұл рөл үшін. Мынадай арық күйде Мұқағалиды ойнау өте қиын. Бірінші, екінші, үшінші сериясы Мұқаңды осылай ойнасам, төртінші сериясында Мұқаңның ауруханадағы сәтін сомдау керек болды.

Сол үшін мен он күн демалыс алып, арықтауым керек болды. Қайтадан таза су ішіп, он келі салмақ тастадым", - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990941-azamat-satybaldy-muqagalidin-roli-usin-14-keli-salmaq-qosqan-video/