Әmre: Кейбір жастар қазақ болудан ұялады (видео)

Опубликовано:

Әmre
Әmre. Фото: instagram.com/amre_official

Отандық әнші Әmre "Түнгі студия" бағдарламасында кей жастардың ұлттық менталитетті құптамайтынын айтты. Әнші отандастарын ұлттық мәдениеттен ұялмауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі ұлттық мәдениетті трендке айналдырудың маңызын түсіндірді.

"Әр істе идеология болу керек. Біріншіден, өзім үшін, шығармашылық эгом үшін. Екіншіден, қазақтың менталитетін, музыкасын, тілін тренд қылу керекпін.

Өкінішке орай, кейбір біздің жастар қазақ болуға ұялады. "Ой, мен қазақша білмеймін. Тыңдамаймын" дейді. Қазақ қазақ болудан ұялмауы керек. Қазақстанда қазақтың музыкасы бірінші орында болу керек. Одан кейін өзге тіл. Қазақ қазақтың тілінен, болмысынан, музыкасынан, тойынан ұялмауы керек. Қазақ қазақтың мәдениетін қолдауы керек", - деді Әmre.

Айта кетейік, осыған дейін әнші бір кештен тапқан ақшасына Астанадан пәтер сатып алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991125-amre-keibir-zastar-qazaq-boludan-uyalady-video/