"Анам мұндай образдағы қызға мүлде дайын болмады": Шәріп Серік Say Mo-ға еш реніші жоғын айтты (видео)

Опубликовано:

Шәріп Серік, Say Mo
Шәріп Серік, Say Mo. Фото: "TALK LIKE" бағдарламасы

Танымал актер Шәріп Серік Say Mo лақап атымен танымал қазақстандық рэп орындаушы Мөлдір Есембекпен екі жыл бірге тұрге тұрған. Қазіргі таңда ажырасып кеткен өнер иесі "TALK LIKE" бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

"Сүйдім. Екі жыл бірге тұрдым ғой. Мен ол кезде анамнан дұрыс сепарация жасаған жоқпын. Мөлдірмен дұрыс әңгіме айтқан жоқпын. Біз біраз тұрмыстық мәселе көрдік. Екеуміз біраз бірге тұрдық. Карантин кезінде күнде бір-бірімізді көрдік. Мамам мені жібергісі келмеді. Мөлдір мені бөліскісі келмеді. Мөлдір менің біраз жаман жақтарымды көрді.

Мөлдірге мыңда бір рақмет! Ол мені махаббатқа үйретті. Қыздарға көзқарасымды өзгертті. "Ол қыз баласы, болашақ ана" деп үйретті. Керемет қамқорлық көрсетті. Біраз жақсы нәрселер көрдім. Жаман нәрселер болды. Бірге тұрғаннан кейін, ол да қорыққан шығар. "Жаман нәрсесі көбейеді ме?", "Үйлену емес, үйге қамалып қаламын ба?" деп уайымдаған шығар. Оның да ойы әйгілі жұлдыз, рэп орындаушы болу. Менен де кеткен шығар. Образын басында қатты өзгерткім келді. "Киіміңді кішкене ауыстырасың ба?", "Қатты ашық-шашық киінбей-ақ қойшы" дедім. Енді ұлдардың ойын білем ғой", - деді Шәріп Серік.

Сондай-ақ Шәріп Серік Мөлдірге еш реніші жоғын жеткізді.

"Анам мұндай образдағы қызға мүлде дайын болмады. Жүрдік, күшті уақыт болды. Ажырастық ол да керек болды. Қазір Мөлдірге еш ренішім жоқ. Болатын іс болды. Керемет махаббат болды. Бірақ ең бастысы бас аман болсын. Өмір жалғасады", - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991556-anam-mundai-obrazdagy-qyzga-mulde-daiyn-bolmady-sarip-serik-say-mo-ga-es-renisi-zogyn-aitty-video/