Дәурен Айдарқұлов отбасынан ажырасқанына өкінетінін мойындады (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоумен әрі актер Дәурен Айдарқұлов отбасынан ажырасқанына өкінетінін мойындады. Ол сондай-ақ қарым-қатынасты қалпына келтіруге әрекет жасағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Актер елдегі ажырасулар санына алаңдап, олардың санын азайтуды көздеп отырғанын Instagram парақшасында айтты.
"Екі некеде болдым, екеуінен де ажырастым. Бірінші некеде үш балам бар. Екіншісінде екі балам бар. Ажырасқаныма өкінемін бе? Иә! Қарым-қатынасты қалпына келтіруге тырыстым ба? Иә!Менің ажырасқаныма кім кінәлі? Мен!
Қазақстанда әрбір төртінші отбасы бұзылады екен. Бір отбасының орташа ұзақтығы шамамен 7-10 жылға созылады. Өкінішке орай, ерлі-зайыптылардың көбісі ортада бала пайда болғанда ажырасады", - деді шоумен.
Айдарқұловтың айтуынша, Қазақстан жер көлемі жағынан ғана емес, ажырасу саны жағынан да әлемде тоғызыншы орында тұр.
"Мен бұл сандарды өзімді ақтау үшін айтып отырған жоқпын. Мен сіздерге Қазақстанның отбасы институтының қандай аянышты жағдайда екенін көрсеткім келеді", - деп сөзін аяқтады ол.
Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов 2020 жылы Ақбота Сейтмағамбетпен ажырасты. Бұл актердің екінші некесі. Өнер иесінің бірінші отбасында - үш, екіншісінде -екі баласы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991599-dauren-aidarqulov-otbasynan-azyrasqanyna-okinetinin-moiyndady-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.