Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Айжанова Пусандағы кинофестивальде "Үздік әйел рөлі" номинациясында бақ сынады (видео)

Опубликовано:

Жанар Айжанова
Жанар Айжанова. Фото: "Әппақ келін" сериалынан скриншот

Отандық актриса Жанар Айжанова XXVII Пусан халықаралық кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі" аталымындағы үміткерлердің бестігіне енді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жанар Айжанова халықаралық кинофестивальге Азиядағы ең үздік киноактрисалардың бірі ретінде шақырылған. Актрисаның "Аппақ келін" сериялындағы актерлік шеберлігі қазылар алқасына ұнаған.

Басқа 4 үміткермен бірге Жанар Айжанова "Үздік әйел рөлі" номинациясында бақ сынады. Бірақ номинацияға 30 жастағы корей киносының жұлдызы Пак Юн Бинге - "Ерекше адвокат"драмасындағы рөлі үшін берілді.

"Киноға кеше ғана келгенмін. Әлі 10 жыл болған жоқ. Аз уақытта менің өнерімді байқап, ең үздік актрисалар қатарына қосады дегенді мен өңім түгілі түсімде армандаған жоқпын. Менің жетістігімді қайталап, жастарымыз фестивальдарда жүлделі орындарға ие болғанын қалаймын. Мен үшін осы кинофестивальге қатысудың өзі мәртебе", - деді Жанар Айжанова. 

Телеарна мәліметінше, 5-14 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін кинофестивальде әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты актерлер мен режиссерлер бас қосады.

Айта кетейік, биылғы кинофестивальде 71 елден 242 фильм көпшілікке ұсынылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991853-zanar-aizanova-pusandagy-kinofestivalde-uzdik-aiel-roli-nominaciyasynda-baq-synady/

pixel