Отандық әнші келіннің ақшасын алатын енелерді сынады (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Қалдыбек Талқанбаев келінінің ақшасын алатын енелерді сынады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі бұл жазбасын Tiktok желісінде жариялаған.
Әншінің айтуынша, келін табысын сол үйдің ортақ шотына, отбасына, еріне беруге міндетті емес. Отбасын асырау — ер адамның міндеті. Ол мұны имамдардың да айтып жатқанын еске салды.
"Құрметті, енелер! Үйге келген келіннің табысы, банк карточкасы, алтын секілді жеке заттарын алып алуға ұялмайсыздар ма? Не деген білімсіздік? Имамдар түсіндіріп жатыр ғой бәрін. Келіннің ақшасын алып алу деген не деген көргенсіздік? Құдайдан қорықпайсыздар ма? Өз балаларыңызбен келіндеріңіздің араларына түсіп, екі жасты ажырастырып жатсыздар. Осылай қоғамда ажырасу көбейген. Осыған себеп болып жатырмыз деп ойламайсыздар ма?
Әлде сіздерге келіннің ақшасы керек болып тұр ма? Ақша емес, балаларыңыздың бақытын ойлаңыздар. Біреудің қызының обалына қалып, ажырастырмай, тыныш жүріңіздер. Ертең о дүниеде жауап бересіздер", - деді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991893-otandyq-ansi-kelinnin-aqsasyn-alatyn-enelerdi-sokti/