Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чилиде 48 америкалық бірігіп, қазақша той жасады (видео)

Опубликовано:

Америкалықтар қазақша той жасады
Америкалықтар қазақша той жасады. Фото: instagram.com/alga.peterburg

Америкалықтар Чили қаласында Димаш Құдайбергенге арнап, қазақша той өткізді. Мерекелік шараға 48 адам қатысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тойдың видеосы "АЛГА ПЕТЕРБУРГ" Instagram парақшасында жарияланды.

"Латынями Америкасында таңғаларлық той өтті. Мұнда 48 адам жиналып Димаш Құдайбергенге арнап той өткізген.

Ал мерекеге сыйлық ретінде қазақша тағамдардан және шоколадтан тарту әзірлеген.

Сондай-ақ тойда саксафонмен Димаштың әндері орындалып, домбыраны таныстырған. Қонақтар қазақша әндерді караокемен орындап, естелікке суретке түскен.

"Міне, Димаштың арқасында Латын Американың тұрғындары Қазақстан мен мәдениетіне ғашық болды", - деп жазылды парақшада.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдап үлгерген.

"Керемет", "Димаштың арқасында біздің елді әлем танып жатыр", "Қандай керемет", "Қуаныштымын", "Жарайсың, Димаш", "Тойды ұйымдастырғандарға рақмет" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, 23 қыркүйек күні Димаш Құдайберген Алматы стадионында шоу концертін өткізген болатын. Бұл концертке әлемнің 68 елінен әншінің тыңдармандары жиналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991921-cilide-48-amerikalyq-birigip-qazaqsa-toi-zasady-video/

pixel