jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Қайрат Нұртастың әкесі 57 жасын тойлады (фото, видео)

    Қайрат Нұртастың ата-анасы және інісі, келіні
    Қайрат Нұртастың ата-анасы және інісі, келіні: instagram.com/zangaar

    Әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар әлеуметтік желіде әкесінің туған күнінен фото және видео жариялады. Нұртас Айдарбеков мерекені Алматыдағы мейрамханалардың бірінде отбасымен, туыстарымен және жақын достарымен атап өткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Биыл көктемде продюсер Гүлзира Айдарбекова 54 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өткен болатын. Ал продюсердің жары Нұртас Айдарбеков 57 жасқа толды.

    Олардың кіші ұлдары Заңғар әкесін туған күнімен Instagram желісінде құттықтады.

    "Әр сөзіңіз, айтқан ақылыңыз есімде. Өмір мектебін оқытқаныңызға рахмет. Осы сәттерді көзім есте сақтап қалды. Мен бақыттымын. 57-ші күзіңізбен, әкешім", – деп жазды Заңғар Нұртас.

    Кеште Қайрат Нұртас бірнеше әнін орындаған және інісі Заңғармен де ән айтты.

    Өнердегі әншілер Төреғали Төреәлі, Айқын, Нұрболат Абдуллиндер де құттықтау үшін арнайы келіп, өнер көрсеткен.

    "Тамаша отбасы. Отағасын туған күнімен құттықтаймыз", "Қайрат пен Жұлдызды бірге көргенімізге қуандық", "Әр ата-ана осындай бақытқа кенелсін", "Келіндер әкелерін қалай құрметтейді", "Керемет әке, тамаша ата", деп жазды желідегілер.

    Қайрат Нұртастың әкесі 57 жасын тойлады (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.