Жәния Джуринская отбасы құрғаннан кейін жүктілікті қалай күткенін айтып, жан сырын бөлісті (видео)

Опубликовано:

Жәния Джуринская
Жәния Джуринская. Фото: "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасынан

Отандық актриса Жәния Джуринская "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасында бір жыл бойы бала көтере алмағанын айтып берді. Өнер иесі бірнеше ай бойы жүктілік тестін тексергенімен, аяғы ауырламағанын айтып, жан сырын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі актрисадан "Сендер бір жылдан кейін, отбасы құрдыңдар. Сосын тағы бір жыл бала күттіңдер ме?",- деп сұрады.

"Бір жыл жүктілікті күттім. Біз заңды некеге тұрғаннан кейін бірден балалы болу бұйырмады. Той болған сәтте менің аяғым ауыр еді, бір айлық болды. Біз заңды некеге тұрған бойда балалы болуды жоспарладық. Бірақ аяғым ауырламағаннан кейін мен қатты уайымдадым.

"Деніміз сау, жаспыз. Бірден жүкті боламын" деп ойладым. Жоқ. Бір ай өтті, келесісі өтті. Мен жүктілікті анықтайтын тесттің қаншасын сатып алдым. Әр айды асыға күттім. Бұл өте қиын.

Себебі дәл осылай жылдап күтетін әйелдер бар ғой. Біреулер тіпті он жыл күтеді. Мен бір жыл ішінде ақылымнан адаса жаздадым. Әйелдердің көбісі ана болғысы келеді ғой. Осылай бала күтіп жүрген әйелдерге бала күтіп жүріп, өздеріңізді жоғалтып алмаңыздар дегім келеді. Терең ойға түсе бермеңіздер. Овуляция санап, әр күнді күтумен өткізбеңіздер", - деді Джуринская.

Өзі ойлаған уақытта аяғы ауырламаған актриса құрбыларының кеңесімен дәрігерге барған.

"Ал Данияр өте сабырлы адам. Ол әрдайым бәрінің жақсы болатынына сенімді. Айлар өтіп жатыр. Алайда аяғым ауырламады. Сосын құрбыларымнан кеңес сұрап, күйеуім екеуміз дәрігерге бардық. Ал дәрігер "Егер бір жыл ішінде жүктілік болмаса, қайта келіңіздер. Сіздер жассыздар. Сіздерде бәрі жақсы" деп үйге қайтарды", - деп ағынан жарылды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992461-zaniya-dzurinskaya-otbasy-qurgannan-keiin-zuktilikti-qalai-kutkenin-aityp-zan-syrymen-bolisti-video/