Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаратушы маған бала бермеді": Алуа Қонарова жан сырын бөлісті

Опубликовано:

Алуа Қонарова
Алуа Қонарова. Фото: instagram.com/aluakonarova

Продюсер Алуа Қонарова балалы бола алмаған айтып, жан сырын ақтарды. Сондай-ақ ол бала асырап алуға тырысқанымен, онысы нәтижесіз болғанын да жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Талай шәкірт тәрбиелеген продюсер өмірінің бұл тұсын Instagram желісінде айтып берген.

"Әркімнің тағдыры әртүрлі. Пенденің мандайына не жазса, сол болады. Бір сөзбен айтсақ, тағдыр ғой. Бірнеше күн бұрын маған әлдебіреу "Неге үнемі өзгенің баласымен түскен суретті жариялайсыз?" деп пікір жазды. Жаратушы маған бала бермеді. Көндіккеніме біраз болды. Есесіне өзге балаларды тәрбиеледім", - деді Алуа Қонарова.

Сондай-ақ продюсер қайырымдылықпен айналысқанымен, мұны желіде жарияламайтынын да айтып өтті. Ол балалар үйіне, сәбилер үйіне, қарттар үйіне мүмкіндігінше барғанын жеткізді.

"Қайырымдылықпен айналысқанымды ешқашан ешкімге айтпадым, еш жерде жарияламадым. Әлеуметтік желіге түсіріп салмадым. Арнайы видеограф жалдап, қайырымдылықты жариялауды жөн санамаймын.

Жиі балалар үйіне, сәбилер үйіне, қарттар үйіне мүмкіндігімше бардым. Кейде біреудің маңдайынан сипау, жылы сөз айту да маңызды. Ол балалардың көздерін ешқашан ұмытпаймын. Жақыны бола тұра, өмірінің соңында жалғыз қалған қарттардың көз жанары ұмытылмайды.

Ерекше балалар да еркелеткенді, мейірімді жақсы көреді. Ал сәбилер үйіндегі балалар "Мені қашан алып кетесің?" деп жүгіріп жүреді. Мұндай сәттерде қалай жауап қайтарарыңды білмейсің. Оларды сүйесің, құшақтайсың. Алайда көздері бәрібір мұңға толы. Бірнеше нәресте бір бөлмеде жатады. Ойланасың, біреу балаға зар. Ал біреу оңайлықпен баласынан бас тарта салады. Оларға барғаннан кейін ұзақ уақыт көзіңе жас аласың, мына өмірдің қандай қатігез екенін ойлайсың", - деді ол.

Продюсер осы уақытқа дейін бала асырап алуға әрекет еткенін, алайда оның сәтсіз аяқталғанын да айта кетті.

"Бала асырап алғым келгенімен, ол іс сәтсіз аяқталды. Бұл жайлы кейінірек айтып беремін. Мұның бәрін не үшін жазып отырмын? Адамдар қатігезденген уақытта мейірімді болуға күш табу маңызды. Жақындарымызға жақын сөз айтайық. Бұл адам жанын емдейді", - деді Алуа Қонарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992978-zaratusy-magan-bala-bermedi-alua-qonarova-zan-syryn-bolisti/

pixel