Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлы дала баласы": 30 жасқа толған Төреғали Төреәлі туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Отандық әнші Төреғали Төреәлі 30 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Өнер иесі туған күніне жақындары мен өнердегі әріптестерін шақырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші туған күнінен естеліктерін Instagram парақшасында бөліскен.

Мерейтойға орай үйдің ауласында "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімі стиліндегі фотоаймақ орнатылған. Ал фотоаймақты "Ұлы дала баласы" деген жазумен безендірген.

Сонымен қатар туған күнде "Оскар" стиліндегі сәнді үш деңгейлі торт пісірілген.

Төреғали Төреәліні туған күнімен құттықтауға Анар Батырхан, Ернар Айдар, Нұрболат Абдуллин және өзге де отандық өнерпаздар келген.

Олар әншінің туған күнінен желіде фото, видео бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993018-uly-dala-balasy-30-zasqa-tolgan-toregali-toreali-tugan-kunin-durkiretip-atap-otti-foto-video/

pixel