Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік кореялық танымал BTS K-поп тобының мүшелері әскери борышын өтемек

Опубликовано:

BTS кейпоп-тобы
BTS. Фото: Astrid Stawiarz /Getty Images for Dick Clark Productions

Танымал корейлік BTS поп-тобының мүшелері әскери борышын өтемекші. Бұл туралы BigHit Music лейблі өзінің Twitter-дегі ресми аккаунтында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"BigHit Music қазіргі уақытта BTS мүшелері міндетті әскери қызметке баруды жоспарлап отырғанын мақтан тұтады", – деді музыканттардың ресми өкілдері.

BigHit Music топ құрылғаннан бері әртістер әлемдік даңққа қол жеткізгенін, бірақ қазір "барлық дені сау жастар сияқты" олар да "елдің қажеттіліктеріне құрмет көрсетуі керек" деп қосты.

Барлық BTS мүшелері жеке жоспар негізінде әскери борышын өтейді.

"Компания мен BTS мүшелері 2025 жылға қарай олардың әскери қызметі аяқталған кезде қайтадан бірге жұмыс жасауды жоспарлап отыр", – деп хабарлады BigHit Music.

Ашық ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сәйкес, заң бойынша Оңтүстік Кореяда 18 – 35 жас аралығындағы ер адамдар міндетті әскери қызмет өткеруі керек. Қызмет ету мерзімі шамамен екі жылды құрайды және ол әскер түріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993103-ontustik-koreyalyq-tanymal-bts-k-pop-tobynyn-museleri-askeri-borysyn-otemek/

pixel