"Екі отбасымда да ұрыс-керіс жиі болатын": Дәурен Айдарқұлов отбасылы ер-азаматтарға кеңес берді (видео)

Опубликовано:

Дәурен Айдарқұлов
Дәурен Айдарқұлов. Фото: instagram.com/daurenaidarkulov

Актер Дәурен Айдарқұлов отбасылық өмірде жіберген қателіктерімен бөлісті. Ол отбасын сақтау үшін әйелдердің ішіндегі шерін тарқатуға рұқсат беру керектігін айтып, ер-азаматтарға кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің айтуынша, ол әйелдерінің жан айқайын естімеген.

"Менің бірінші және екінші отбасымда ұрыс-керіс әдеттегі дүние болатын. Бұл ұрыстың бәрі әйелдеріме ішіндегісін айтуға рұқсат бермегеннен болды. Жоқ, олар үнсіз қалмады. Алайда олардың айтқанын мен ести алмағанмын. Дұрысырақ айтсақ, естігім келмеген.

Мұндай сәтте әйелдер қақпағы жабық қазан сияқты. Мұндай сәтте не істеу керек? Іштегі бу шығу үшін қазанның қақпағын ашу керек. Әйелдермен де тура солай. Оларға ішіндегісін айтып алуға мүмкіндік беру керек", -

Әйелдерді қақпағы жабық қазанға теңеген Айдарқұлов отбасылы ер адамдарға мұндай сәтте не істеу керектігін айтып, ерекше кеңес берді.

"Әйел ішіндегісінің бәрін айтқан сәтте біз тек бірнеше ережені сақтауымыз керек. Біріншіден, ер адамдар ондай сәтте үнсіз тыңдауға тырысайық. Екіншіден, көкіректікпен "Тезірек айтшы" деген түрмен емес, көзіне қарап, не айтқысы келгенін түсінуге тырысыңыз. Әйел бәрін айтып, ішіндегі шерін босатқан кезде сіз өз ұсынысыңызды айтыңыз. Сол сәтте ортақ тіл табысасыздар. Осындай әңгіме соңында сүйіктіңізді құшақтауды ұмытпаңыз", - деді Айдарқұлов.

Айта кетейік, екі рет отбасылы болған отандық актер осыған дейін бұрынғы әйелдерімен жақсы қарым-қатынаста екенін мәлім еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993176-aielder-qaqpagy-zabyq-qazan-siyaqty-dauren-aidarbekov-otbasyly-er-azamattarga-kenes-berdi-video/