"Әдемі қартайғым келеді": Ләйлә Сұлтанқызы желіде өзіне теріс пікір білдіретіндерге жазба арнады

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әдемі қартаюды мақсат еткенін айтты. Ол желіде өзіне теріс пікір жазатын оқырмандарына қарттық жеткенде әдемі сақталу үшін қазірден денсаулығын күтуге кіріскенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісінде оқырмандарына жазба арнаған.

"45-ке келіп құтырды", “еріккен қатын” деген сөздердің астарында қанша еңбек жатқанын білсеңіз ғой. Қазір түнгі 12-де тоңазытқыштың есігін ашып-жаппайтынымды, бұрынғыдай 1-2 сағаттық ұйқымен жүрмейтінімді, бесінші қабатқа лифтімен көтерілмейтінімді нақты білемін.

Миымда анық сақталған. Себебі, әдемі қартайғым келеді. Жасым келгенде “уфілеп”ауырып балаларымның мазасын алғанша, шамам келгенше қазір күтінейін.

Құдай күш берсе, барлығымызды алдымызда қарттық күтуде. Бұл баспалдақтан аттап өте алмайсың. Мағыналы өмірдің жалғасы да осы. Өзім үшін денсаулығымды күтіп, сіздер үшін еріккеннің ермегін жасап жүре берейін", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993242-ademi-qartaigym-keledi-laila-sultanqyzy-zelide-ozine-teris-pikir-bildiretinderge-zazba-arnady/