Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірге оқыдық": Нұрболат Абдуллиннің жары алғаш рет сұхбат берді (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин жарымен
Нұрболат Абдуллин жарымен. Фото: instagram.com/faridush_zh

Отандық әнші Нұрболат Абдуллиннің жары әншімен қалай танысқанын алғаш рет айтып берді. Гүлфарида Жұбаева өнер иесімен оқу орнында танысқанын "Жақсы адамдарым" бағдарламасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлфариданың айтуынша, олар 2008 жылы танысқан.

"Нұрболатпен 2008 жылы таныстық. Екеуміз Жұбанов атындағы пединституттың кәсіби шығармашылық факультетінде бірге оқыдық. Танысқан күніміз бірінші курстың 2-ші қыркүйегі болатын. Екеуміз сол уақытта дос болып жүрдік. Кейін мен Астана қаласына магистратураға кеттім.

Нұрболат сол кезде бірнеше мәрте лауреат болды. Нұрболат өзі өмірдің кез келген саласында дегеніне жетпей қоймайды. Мен сенімді болғандықтан, әрі қарай ән айтқан жоқпын. Педогогика жағына қарай бет бұрып, магистратураға түстім. Кейін Нұрболат Алматы қаласында жұмыста болды. Мені шақырып, бірге жұмыс жасадық. 2015 жылы отау құрдық. Биыл отау құрғанымызға да жеті жыл", - деді әншінің жұбайы.

Гүлфарида өнер саласынан өз еркімен бас тартқанын мәлім етті.

"Нұрболат Ақтөбеде жүргенде опта ән айтып жүрді. Университет қабырғасында ән айтып жүрдік. Дуэт болу жоспарда болмады.

Нұрболат барлық нәрсені тереңнен айтады. Дос болып жүргенде "Екеуміз екі жақта ән айтып жүрсек, балаларымызға кім қарайды?" деп жәй ғана айтатын. Бірақ "Ешқашан сахнаға шықпайсың" деген әңгіме болған жоқ.

Университетті бітіргеннен кейін консерваторияға тыңдалымға келдім. Оқығым келді, ойландым. Екеуміздің арамыздағы әңгіме бар. Ойланып, ойланып магистратураға түстім. Ары қарай вокалдан сабақ бердім", - деді Нұрболат Абдуллиннің жары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993313-birge-oqydyq-nurbolat-abdullinnin-zary-algas-ret-suxbat-berdi-video/

pixel