Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет екінші рет тұрмысқа шығуға қалай қарайтынын айтты (фото)

Опубликовано:

Ақбота-Нұр
Ақбота-Нұр. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Актриса Ақбота Сейітмағамбеттен оқырмандарының бірі Instagram парақшасында екінші рет тұрмыс құруға қалай қарайтынын сұраған. Өнер иесі жұпсыз өмір сүрудің бақытсыздық еместігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларының бірі актрисадан "Екінші рет тұрмыс құру ойыңызда бар ма?", - деп сұраған.

"Кеңінен айтар болсам, жалпы жұпсыз өмір сүру - бақытсыздық емес. Адам өз өзімен гармонияда әдемі ғұмыр кешуді де білуі керек. Барлық қуанышты басқа бір тұлғадан іздеп, әйтеуір жалғыз қалмауға тырысып, өзін көрінгенге жұп етіп ұсына салатындар аз емес. Адам ең әуелі қадірін біліп, өзіне бақытты күй жасай алатынын білгені абзал.

Ал енді тұрмысқа шығу туралы сұрағыңызға жауап берейін. Әрине, шығуға болады. Алланың қалауымен келетін адамның рухани дүниесі кемел болып, азаматтығы мен адалдығы қатар дарып, кісі қадірін білсе екен. Менің тарыдай бақытыма өз бақытын толықтырып, әдемі отбасы боламыз деген ниетпен келуін сұраймын. Екі бақытты адам қосылса ғана бақытын бөлісіп, бір ғұмырда жарасып өтеді. Барлығымыз бақытты болайық", - деп жауап берді ол.

Ақбота Сейітмағамбет
Ақбота Сейітмағамбет. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақбота Нұрабайқызы бұрынғы күйеуімен сәлемі түзу екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993361-aqbota-seiitmagambet-ekinsi-ret-otbasy-quruga-qalai-qaraitynyn-aitty-foto/

pixel