Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова ауылда тұратын туған әпкесін көпке таныстырды (видео)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Жазира Байырбекова көпшілікке үлкен әпкесін көрсетті. Әнші отбасының тұңғышы көпбалалы ана екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі туған әпкесін Instagram парақшасында көпшілікке таныстырды.

"Ата-анамның тоғыз перзенттің тұңғышы - Ботагөз әпкем. “Мен сол ауылда бақыттымын” деген осы кісі ғой. Жан дүниемізге үңілсек, екеуміздің де бірдей бақыттымыз. Қалада, ауылда, жайлауда тұрсақ та, көңіліміз тоқ, жан дүниеміз тыныш болса - бақыт деген сол", - деді Жазира Байырбекова.

Әншінің айтуынша, үлкен әпкесі алтын алқа иегері, көпбалалы ана екен.

"Менің туған әпкем. Келес ауданында тұрады. Алтын алқа иегері. "Сол ауылда мен бақыттымын" деген әпкем. Ботагөз әпкем 1971 жылғы. Біз осы ауылға тойға келдік", - деді әнші видеода.

Айта кетейік, әнші видео астына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп қойған. Сондықтан оқырмандар тек лүпіл басумен шектелген. Видео тәулікке жетпейтін уақытта 27 мың лүпіл жинап үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993391-zazira-baiyrbekova-auylda-turatyn-tugan-apkesin-kopke-tanystyrdy-video/