Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет бұрынғы енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Ақбота Сейітмағамбет. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Танымал актриса Ақбота Сейітмағамбет әлеуметтік желіде оқырмандарымен үнемі байланыста отырады. Әнші бұл жолы өзінен бұрынғы енесімен қандай қарым-қатынаста екенін сұраған оқырманына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінен Instagram парақшасында оқырмандарының бірі "Енеңізбен қарым-қатынасыңыз жақсы деп естігенмін. Рас па?" деп сұрайды.

Ал Ақбота Дәурен Айдарқұловтың анасымен байланысы жақсы екенін жасырмады.

"Енемді сыйлаймын. Өз қызындай қабылдап, аналық орнын әрдайым көрсетіп келеді. Әр бастамама қолдау білдіріп, тілеуімді тілейтін жан аман болсын. Немерелерінің жақсылығын көруді жазсын", - деп жауап берді актриса.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Дәурен Айдарқұлов Ақбота екеуінің ортақ балалары ата-әжесімен тұратынын айтқан болатын. Актердің сөзінше, бұл Ақбота Сейітмағамбет екеуінің уақытша ортақ шешімі болған.

"Екінші некедегі балалар ата-анаммен, яғни бізбен бірге тұрады. Бұл Ақбота екеуміздің уақытша, ортақ шешіміз. Мен де, ол да сапарда жиі боламыз, киноға түсеміз. Сол себепті бұл ең дұрыс шешім болды", - деген еді Айдарқұлов.

Ақбота Сейітмағамбет
Ақбота Сейітмағамбет. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993580-aqbota-seiitmagambet-buryngy-enesimen-qandai-qarym-qatynasta-ekenin-aitty/

pixel