Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алғаш рет Мағжан Жұмабаев жайлы телехикая жарыққа шықпақ

Опубликовано:

Мағжан Жұмабаев туралы "Мағжан. Мен жастарға сенемін!" тарихи драмасы
Мағжан Жұмабаев туралы "Мағжан. Мен жастарға сенемін!" тарихи драмасы. Фото: rtrk.kz/kz

Қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев туралы "Мағжан. Мен жастарға сенемін" тарихи драмасы эфирге шығады, деп хабарлайды "Qazaqstan" ұлттық телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телехикаяның сценарийін Қанат Рамазан жазған. Режиссері – Дархан Сәркенов, продюсері - Назгүл Қарабалина.

Сериалда бас кейіпкер Мағжанның рөлін Мейірғат Амангелдин, Гүлсім рөлін - Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай, Міржақып Дулатұлын Қайрат Набиолла, Сәкен Сейфуллиннің бейнесін Қуаныш Құдайберген, Сәбит Мұқанов рөлін Талғат Кеңес сомдайды.

Телеарна мәліметінше, телехикаяда Мағжан Жұмабаев өмірінің 1915-1921 жылдар аралығындағы кезеңі қамтылған.

Телехикаяда ақынның Орынборға келуі, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқып жүрген шағы, Сәкен Сейфуллинмен достығы, Қызылжар мұғалімдер курсының оқытушысы Гүлсім Камаловаға ғашық болуы суреттеледі.

Тарихи драмада ақынның замандастары Міржақып Дулатов пен Сәбит Мұқановтың бейнелері де бар.

"Мағжан жай ғана лирик ақын емес, ол жастайынан ұлт болашағын ұран еткен Алаш қайраткері. Тарихи туындыда Мағжанның ақындығымен қатар, қайраткерлігі, ұстаздық жолы суреттеледі", - дейді сценарий авторы Қанат Рамазан.

Айта кетейік, телехикаяның түсірілім жұмыстары Петропавл қаласында өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993605-qazaqstanda-algas-ret-magzan-zumabaev-zaily-telexikaya-zaryqqa-sygady/

pixel