Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түнгі студия" бағдарламасында Нұрлан Сабуровқа бешбармақ ұсынып, шапан жапты (видео)

Опубликовано:

Нұрлан Сабуров
Нұрлан Сабуров. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров "Түнгі студия" бағдарламасында қонақ болды. Қазақстан қалаларында концерт беруге келген әзілкешке бағдарлама барысында бешбармақ ұсынылып, шапан тарту етілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Сабуров қазіргі уақытта Қазақстан бойынша "StandUp Show" турын өткізуде. Әзілкеш концертіне келетін қонақтарға өз өтінішін айтты.

"Менің концертіме келетін қонақтардан өтінерім, телефонға түсірмеңіздерші. Өйткені менің шоуымның бағдарламасы желіге таралып кетті. Болашақта қазақ тілінде Stand up жүргіземін деп ойлаймын. Қазақ тілім өте жұтаң. Қазақстанда қазірдің өзінде қазақша әзілкештердің Stand up-тарын тыңдаймын", - деді Нұрлан Сабуров.

Бағдарлама барысында ол шаш стилін неліктен өзгерткенін айтып берді.

Әзілкештің айтуынша, ол әйелімен бәстескен.

"Мұның қате екенін түсінемін. Мен алғашында тек бәстестім. Бірақ кейін осы шаш стилімен жүре беретін болып шештім. Әйеліммен бәсекелестім. Ол "Сен шашыңды өсіре алмайсың" деді. Мен осыдан кейін шаш стилімді өзгерттім", - деп күлді Сабуров.

Айта кетейік, "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев Сабуровқа шапан жауып, студияға бешбармақ алдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993691-tungi-studiya-bagdarlamasynda-nurlan-saburovqa-besbarmaq-usynyp-sapan-zapty-video/