Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құралай Анарбекова фильмге түскен соң қаламақысын көтеріп жіберген актерлерге ренжіді (видео)

Опубликовано:

Құралай Анарбекова
Құралай Анарбекова. Фото: "OZMZғой" бағдарламасы

Актриса Құралай Анарбекова "OZMZғой" бағдарламасында танымал "Брат или Брак" фильмінің үшінші бөлімі неліктен түсірілмей қалғанын айтты. Продюсер осы фильм түсірілімінен соң танымал болған актерлердің кейбірі көп қаламақы сұрағанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушілерінің бірі сізді "Брат или брак" фильмі арқылы таныдық. Ол кезде сіздің продюсер екеніңізді білмедім. Фильмнің үшінші бөлімі осыдан 4 жыл бұрын жазылып қойған екен. Бірақ неге түсірілмеді?", - деп сұрайды.

Ал актриса осы фильмнен соң танымалдылығы артқан актерлердің кейбірі қаламақысын өсіріп жібергенін мәлім етті.

"Өздеріңіз білесіздер, сол фильмде актерлерден бастап түсірілім ұжымына дейін дебьютанттар болды. Фильм шығып, бәрі танымал болып кетті. Мен режиссер ретінде бәрінің танымал болғанына қуанамын.

Кей адамдар "Сенің арқаңда бәріміз фильмге түсіп, қаламақы тауып жатырмыз. Сені қолдап, үшінші бөлімге түсеміз. "Брат или брак" фильміне рахмет айтамыз, жолымызды ашып берді" деп ризашылығын білдірудің орнына қаламақысын өсіріп жатыр. Реніш емес, олар өздері біледі. Бір рет сөйлестіп барып, екінші рет сөйлестім. Уақыты өтіп кетсе, ол фильмді түсірудің мәні болмайды.

"Үшінші бөлімді шығарайықшы. Сценарий қызық, оған қанша уақытымды жұмсадым" дедім. "Сен ақша тауып жатсың, бізге де бөліс" деген әңгіме айтады.

Мен өзім барлық ақшаны қалтама салып алып жүрген жоқпын. Инвестордан ақша алып жүрген жоқпын. Біреуі сұраса келісер едім, бірақ бесеуі сұраған кезде... Мен фильм түсіремін бе әлде оларға қаламақы төлеймін бе? Ішім күйетіні, ер адамдар ғой. Сонда да жібіп, өз келісімдерін беріп, көрермендерін қуантса маған да, оларға да жақсы", - деді Құралай Анарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993728-quralai-anarbekova-filmge-tusken-son-qalamaqysyn-koterip-zibergen-akterlerge-renzidi-video/

pixel