Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың Малайзияда өтетін концерті кейінге қалдырылды

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайбергеннің Малайзияда өтетін концерті кейінге қалдырылды. Бұл жайлы ақпарат acomedia.one Instagram парақшасында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің концерті Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Axiata Arena Bukit Jalil аренасында өтетіні айтылған болатын.

Танымал әншінің шоу концерті 19 қараша күні өтетіні айтылса, билеттер сатылымы 21 қазанда Ticket2U сайтында басталу керек болған.

Алайда Малайзияда өтетін сайлауға байланысты шоу кейінге қалдырылған.

Аcomedia.one мәліметіне сүйенсек, Димаш Құдайбергеннің концерті өткізілетін күн алдағы бір ай ішінде хабарланатын болады.

Концерттің кейінге шегерілгені жайлы жазба астына әншінің фанаттары пікір білдірді. Олардың бірі осы концерт үшін алған ұшақ билеті мен қонақ үйдегі орнының ақысы қайтарылмайтынын айтып, өкініш білдірді.

"Мен жинап жүрген ақшамды ұшақ билеті мен қонақ үйден орын алуға жұмсадым. Ал енді олар қайта өткізуге жарамсыз болып шықты. Ең болмаса концертті бір күнге ерте немесе бір күнге кеш ұйымдастырыңыздаршы. Ақшам желге ұшқалы тұр. Концертке баратын әлемнің түкпір-түкпірінен келетін адамдардың пікірін де ескеріңіздер", - деп жазған желі қолданушысы.

"Сайлау күндіз болады. Ал Димаштың концерті кешкі уақытта өтеді. Әлемнің бұрыш-бұрышынан келетін Димаштың фанаттары үшін ыңғайлы шешім шығарыңыздар. Мұны Малайзия билігінен өтініп сұраймын. Концерттің өтетін күнін өзгеріссіз қалдырыңыздар", - деп жазды тағы бір пікір қалдырушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993776-dimastyn-malaiziyada-otetin-koncerti-keiinge-qaldyryldy/

pixel